Университеттің кітапхана қызметін 2008 жылдан бері Тоқсанбаева Дамира Несіпбаевна басқарады.

Университет кітапханасының кітап қорының негізін, Халықаралық қазақ-түрік университетінен берілген 2500 мың оқулық құрады. Бүгінгі таңда кітапхананың жалпы кітап қоры – 275000 мың. Жыл сайын университет басшылығы кітапхана қорын жаңа оқулықтармен толықтыру мақсатында қаржы бөліп отырады.

Кітапханада ғылыми, методикалық-әдістемелер, оқытушы-профессорлар жұмыстарынан бөлек оқытушылар мен студенттердің бос уақытында оқитын қазақ және орыс тілдеріндегі әдеби кітаптар қоры бар.

Студенттер мен оқытушы профессорлар құрамы университеттің жеке кітапхана қорымен қатар университет ұзақ мерзімді келісім – шартқа отырған Шымкент қаласының жалпы қоры 1817891 дананы құрайтын Ғылыми-техникалық және 440000мың қоры бар Шымкент қаласының орталықтандырылған жүйеленген көпшілік кітапханалар қорымен де еркін пайдалана алады және мүмкіншілігі шектеулі білім алушыларға Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасымен бірлесе пайдалануға өз ара келісім шарт бекітілген.

Сонымен қатар, «М.О.Әуезов атындағы Оңтүстік-Қазақстан мемлекеттік университеті», арасындағы жоғары білім және ғылыми аясында ынтымақтастық туралы КОНСОРЦИУМДЫҚ КЕЛІСІМ бойынша, сәйкес аталмыш оқу орынымен кітапханалық қорды бірлесіп пайдаланады.

Кітапхана қызметкерлерінің мәдени деңгейін, кәсіптік міндетін, компьютерлік сауаттылығын және мақсатында кәсіби біліктілігін жоғарылату бойынша.

Тоқсанбаева Дамира Астана қаласына 14-19 қазан аралығында 36 оқу сағат көлемінде «Қазіргі жағдайдағы жоғарғы оқу орындарында кітапхананың даму тенденциялары» тақырыбы бойынша біліктілікті арттыру курсын Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-дың біліктілікті арттыру және қосымша білім беру Институтында;

      Тараз қаласына 22-23 қараша аралығында М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университетіне «Вузовская библиотека: модернизация, управление, качество», атты библиотека форумында;

      Шымкент қаласында «Шымкент қаласы және Түркістан облысының жоғары оқу орындары кітапханаларын дамыту және оңтайландыру мәселелері» атты семинарларға қатысып сертификатпен марапатталды.