/ / Жаңалықтар/ 0 comments

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласында бізге инженерлер мен дәрігерлер ғана емес, қазіргі заманды және болашақты терең түсінетін білікті гуманитарлық сала мамандары да ауадай қажет екенін айтты. Тарих пен саясаттану, әлеуметтану мен философия, психология, педагогика, экономика, мәдениеттану және филология ғылымдары бойынша білім алушыларға осы заманға лайық білім беруге қажетті жағдай жасауды тапсырды. Осы міндетті іске асыруға мүмкіндік беретін негізгі тетік ретінде «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы қолға алынған болатын. Осы жоба аясында Халықаралық гуманитарлық-техникалық университеті жастар комитетінің төрағасы Ахан Дидар Елубайұлы және кітапхана меңгерушісі Токсанбаева Дамира Несипбаевна карантиндік талаптарды сақтай отырып, білім алушылармен кездесу ұйымдастырды. Кездесу арнайы университеттегі «100 жаңа оқулық» кабинетінде өтті.

Кездесу барысында кітапхана меңгерушісі Токсанбаева Дамира ең алдымен кабинеттің құрылу мақсатымен таныстырды. Сонымен қатар білім алушыларды өз мамандықтары бойынша аударылған кітаптармен таныстырып, кітаптарға тоқталып өтті. Кітапхананың тұрақты оқырманы болуға білім алушыларды шақырып, әр білім алушыға оқып көруге кеңес беретін кітаптарын ұсынды. Білім алушылар өздерінің сұрақтарын қойып, ары қарай сұрақ-жауап ретінде жалғасты.

Share this Post

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

You may use these HTML tags and attributes: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>
*
*