Құттықтау

/ / Жаңалықтар/ 0 comments

Құрметті Халықаралық гуманитарлық-техникалық университетінің ұжымы, білім алушылар! Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күнімен құттықтаймыз! Жаңа тәуелсіз мемлекеттің іргетасын қалаушы Нұрсұлтан Назарбаев – барлық қазақстандықтар және халықаралық қоғамдастық мойындаған ғаламдық бастамалардың бастаушысы, отандастарымыздың құқықтары мен бостандықтарының қорғаушысы, елді кемел келешекке жетелейтін игі істердің қолдаушысы. Мемлекетімізге одан әрі өрлеу мен өркендеу, әрбір қазақстандыққа – мол табыс, бақ – дәулет тілейміз!

Рухани жаңғыру: «100 кітап» жобасы: Оқуға тиіс 100 кітап акциясын ұйымдастыру.

/ / Жаңалықтар/ 0 comments

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласында бізге инженерлер мен дәрігерлер ғана емес, қазіргі заманды және болашақты терең түсінетін білікті гуманитарлық сала мамандары да ауадай қажет екенін айтты. Тарих пен саясаттану, әлеуметтану мен философия, психология, педагогика, экономика, мәдениеттану және филология ғылымдары бойынша білім алушыларға осы заманға лайық білім беруге қажетті жағдай жасауды тапсырды.

Read More

Еңбекақы көтеріледі: Аймағамбетов білім саласындағы тағы бір өзгеріс туралы айтты

/ / Жаңалықтар/ 0 comments

Кітапханашылар педагогикалық кадрлар санатына қосылуы мүмкін. Бұл туралы министр Аймағамбетов айтты. «Кітапханашылардың мәртебесін арттыру, олардың еңбекақысын көтеру және жұмысының жаңа талаптарға сай болуын қайта қарастырып жатырмыз. Оларды педагогикалық кадрлар санатына енгізу бойынша бастама көтердік», – деп жазды министр Facebook парақшасында.

Ұлы ағартушының туған күнімен! Абай күні құтты болсын!

/ / Жаңалықтар/ 0 comments

1845 жылы 10 тамызда ақын, композитор, философ, ағартушы, қазақ халқының асыл ұлы Абай Құнанбаев дүниеге келді. Абай мұрасы – қазақ халқының рухани байлығы. Оның еңбектері өлмес, уақыт өте келе олар өзектілігін жоғалтпайды және бүгінгі күнге дейін ұлттың және бүкіл елдің әлеуметтік, мәдени және рухани өмірінің бағыттарын анықтайды.Бүгінгі күн тек ұлы ақынның 175 жылдығын мерекелеу ғана емес: бұл күн Абайдың ұлылығы

Read More